Жаңа қырыққабат. Сыртқы түрі – қаудан жаңа піскен, тұтас, дұрыс, таза, қалыптасқан, көктеп кетпеген, ботаникалық сорттың формасы мен түсіне тән, ауылшаруашылық зиянкестермен зақымдалмаған. Иісі мен дәмі – аталған ботаникалық сортқа тән, бөтен иіссіз және дәмсіз. Қауданның тығыздығы – қаудан тығыз немесе сәл тығыз, алайда, борпылдақ емес. Қауданды тазалау – қаудандар тығыз жабысқан жасыл және ақ жапырағына дейін қорғалуы тиіс. Механикалық зақымдалған, өсіп кеткен, жарылған, ішірген, буланған, үсіген (ішкі сарғаю немесе қызару белгілерімен) қаудандарды ұстауға рұқсат етілмейді. Жеткізілетін қырыққабат ҚР заңнамасына сәйкес болуы тиіс.