Железинка ауылы, Квитков көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан "Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ белгіленген бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету (тоқсан сайын) жөніндегі қызметтер, сондай-ақ сынулар туындаған кезде ағымдағы жөндеу жүргізу (өнім беруші есебінен ақауларды жоюға арналған материалдар, құрал-саймандар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер).
Тапсырыс берушінің келісімі бойынша техникалық ерекшелікке сәйкес дыбыспен 3 (үш) бейнекамераны қосымша орнату, сондай –ақ бейнебақылау жүйесіне (бейнекамераларды қоса алғанда, материалдар, құрал-саймандар, жинақтауыштар, кемінде 4 арналы бейнетіркегіштің тіркеуіші, кемінде 500 Гб Қатты диск) жөндеу жүргізу қажет.