500 мг №20 таблетка.ҚР-ДЗ-5№012405
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 500 мг
Құрамы
1 таблетканың құрамында
белсенді зат - магний оротаты дигидраты 500.0 мг (32.8 мг магний)
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремний диоксиді, натрий кроскармеллозы, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, к-30 повидоны, лактоза моногидраты, натрий цикламаты, тальк, магний стеараты
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті, бір жағында фаскасы мен қатері бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Басқа минералды заттар. Магний препараттары. Магний оротаты.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті (поливинилдихлоридті) үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 контурлық қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл