Кальций Д3 500мг / 200ме №120 шайнайтын таблеткалар.ҚР-ДЗ-5№012310
Дәрілік түрі
Жалбыз дәмі бар шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: кальций карбонаты 1250 мг (элементар кальций 500 мг-ға тең), холекальциферол 5,5 мкг (Д3 витаминінің 200 ХБ) холекальциферол концентраты 2,0 мг түрінде.
қосымша заттар: сорбитол, жалбыз хош иістендіргіші (құрамында изомальт, жалбыз хош иісті зат, май қышқылдарының моно - және диглицеридтері бар), повидон, магний стеараты, аспартам.
Сипаттамасы
Қабықсыз дөңгелек биконвекс таблеткалары, жалбыз хош иісі бар ақ түсті. Кішкентай дақтар мен тегіс емес жиектер болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар, басқа құралдармен біріктірілген кальций препараттары.
Шығарылу түрі және қаптамасы
бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыда. 1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл