Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар, 30 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: темір (II) сульфаты гемигидрат 4,720 г, D, L-серин микрондалған 3,560 г,
қосымша заттар: калий ацесульфамы, аскорбин қышқылы, натрий бензоаты, хлорсутек қышқылы 25%, полиэтиленгликоль 400, карамель бояуы, қара қарақат хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Қара қарақаттың иісі мен дәмі бар мөлдір, қоңыр-сары ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Гемопоэз стимуляторлары. Темір препараттары. Ішуге арналған темір (II) препараттары.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы қақпағы бар қоңыр түсті шыны флакон-тамшыларға 30 мл-ден. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл