Дәрілік түрі
Көбіктенетін таблеткалар 600 мг
Құрамы
Бір көбіктенетін таблетканың құрамында
белсенді зат – ацетилцистеин 600.00 мг
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, маннитол, сусыз лактоза, аскорбин қышқылы, натрий цикламаты, натрий сахарин дигидраты, натрий цитраты дигидраты, "в"қара бүлдірген хош иістендіргіші
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ түсті, қара бүлдіргеннің иісі бар, диаметрі 19.6-дан 20.4 мм-ге дейін, биіктігі 4.3-тен 4.8 мм-ге дейін таблеткалар
Дайындалған ерітінді-мөлдір, түссіз, механикалық қоспасыз, қара бүлдіргеннің иісі мен дәмі бар
Фармакотерапиялық тобы
Суық және жөтел белгілерін жоюға арналған препараттар. Экспекторант препараттар. Муколитиктер. Ацетилцистеин
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленді тығынмен және құрғатқышпен тығындалған полипропиленнен жасалған контейнерге (сиккатив) 10 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
Сақтау мерзімі
3 жыл