Дротаверин 40 мг № 50 ҚР-ЛС-5 № 018764
Дәрілік нысан Таблеткалар 0,04 г
Құрамы Бір таблеткада
белсенді заттай дротаверинді гидрохлорид
(100% -ке қайта есептегенде) - 0,04 г,
қосалқы заттар: моногидрат лактозасы (сүт қанты), картоп крахмалы, повидон (төмен молекулалы медициналық поливинилпирролидон), магний стеараты, тальк.
Сипаттама
Түсті жасыл реңкті, фаскасы бар жалпақ цилиндрлік сары таблеткалар
Фармакотерапиялық топ
Ішектің функционалдық бұзылуын емдеуге арналған препараттар.
Папаверин және оның туындылары. Дротаверин.
Шығару және орау нысаны
Поливинилхлоридті пленкадан және лакталған алюминийлі фольгадан жасалған контурлы ұяшықты орамаға 10 таблеткадан.
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар 5 контурлық ұяшық қаптаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде картоннан жасалған қорапқа орналастырады.
Сақтау мерзімі 4 жыл