Натрий гепарині, декспантенол, диметилсульфоксид 20 грамм дәрілік түрі Гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині 50.000 ME (0,227-0,417 г),
декспантенол 2,500 г,
диметилсульфоксид 10% су 16,660 г;
қосымша заттар: карбомер (карбопол 98 NF), трометамол, макрогол глицерилгидроксистеарат , изопропил спирті, розмарин майы , биік таулы қарағай майы, цитронелл майы , тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, сәл бұлдыр түссіз немесе сарғыш гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған құрамында Гепарин бар препараттар. Гепарин басқа препараттармен біріктірілімде.
Шығару формасы бұрандалы қақпағы бар алюминий түтіктерге кемінде 20 г препарат.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл