Халықаралық патенттелмеген атауы
Гинкго екі жапырақты жапырақ сығындысы
Құрамы
1 капсула құрамында:
Белсенді зат:
Құрғақ стандартталған гинкго билоба жапырағы сығындысы 80 мг.
80 мг сығындыда 19,2 мг флавон гинкго гликозидтері және 4,8 мг терпен лактондары (гинкголидтер мен билобалидтер) бар.
Қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, сусыз коллоидты кремний диоксиді, магний стеараты.
Капсула қабығының құрамы: титан диоксиді, темір оксиді қара, темір оксиді сары, азорубин, желатин.
Сипаттама
Қатты желатинді капсулалар қоңыр түсті, мөлшері №1, құрамында қара түсті көрінетін бөлшектері бар ашық – қара қоңыр ұнтақ бар.
Шығару формасы және қаптамасы
Блистердегі 10 капсула. Картон қаптамасында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 3 блистер.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл