Халықаралық жалпы атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі инъекцияға арналған ерітінді 75 мг / 3мл
Құрамы
Бір ампулада:
белсенді зат-натрий диклофенак, 75 мг
қосымша заттар: пропиленгликоль, бензил спирті, ацетилцистеин, маннитол, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Сипаттама
Көрінетін бөлшектері жоқ мөлдір түссіз немесе дерлік түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық топ
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар.
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Сірке қышқылының туындылары. Диклофенак.
Шығару формасы және қаптамасы
I типті түссіз әйнектің ампулаларында 3 мл.
5 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пакетке салынады.
Сақтау мерзімі 3 жыл