Пастеризованная, 20-32.2% жирности, фасованная по 0,5 кг. Консистенция однородная, в меру густая. Цвет белый. Майлылығы 20-32.2 %, 0,5 кг өлшенген. Консистенциясы біркелкі, аздап қою. Ақ түсті. Өлшем бірлігі: 0,5 кг өлшенген Жеткізу орны: Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қ., Шугаев көшесі, 159 «А». Жеткізу: қажетті тауар көлемі көрсетілген тапсырысты алған сәттен бастап 2022 жыл бойы тапсырыс берушінің сұранысы бойынша жеткізіледі. Тапсырыс пошта, факс немесе электронды поштамен жіберілуі мүмкін және тапсырысты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде орындалады.Тауарды жеткізу кезінде әлеуетті тауар жеткізушісі келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет: 1. Тамақ өнімдерін тасымалдау арнайы жабдықталған автокөлікте (рефрижератор) жүргізілуі қажет. Автокөліктің санитарлық паспорты, экспедитордың арнайы киімі және жеке медициналық кітапшасы болуы қажет. Таңбаланған және мақсаты бойынша қолданылатын өнімге арналған ыдыстың міндетті түрде болуы қажет. 2. Тауардың шыққан жерін қағаз жүзінде растайтын құжаттың болуы және тауар сапасын анықтайтын техникалық регламентпен бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. 3. Өніммен жұмыс істеуге рұқсат медициналық кітапшасы бар жұмысшылардың болуы. 4. Тамақ өнімдерін сақтайтын орнына, соның ішінде тоңазытқыш камераларына, көлік құралдарының жүк бөліктеріне және тасымалдау ыдыстарына санитарлық өңдеу, жуу, залалсыздандыру, дәрілеу және дератизациялау жұмыстарын жүргізуді растайтын құжаттың бар болуы қажет. 5. Жеткізіліп отырған тауар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» №301-III заңымен бекітілген талаптарға толығымен сәйкес болуы қажет.