Халықаралық жалпы атауы Натрий гепарині + Декспантенол + Диметилсульфоксид Дәрілік түрі Гель Құрамы 100 г гель құрамында белсенді заттар: натрий гепарині 50.000 ME (0,227-0,417 г), декспантенол 2,500 г, диметилсульфоксид 10% су 16,660 г; қосымша заттар: карбомер (карбопол 98 NF), трометамол , макрогол глицерил гидроксистеараты, изопропил спирті , розмарин майы, биік таулы қарағай майы , цитронелла майы, тазартылған су. Сипаттама Мөлдір, сәл бұлыңғыр түссіз немесе сарғыш гель. Фармакотерапиялық топ Гепарин-құрамында жергілікті препараттар бар. Гепарин басқа препараттармен бірге. Шығару формасы Бұрандалы қақпағы бар алюминий түтіктерге 20 г препарат. Мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 түтіктен картон қорапқа салынады. Сақтау мерзімі 3 жыл