Халықаралық жалпы атауы Зефир дәрілік шөп сығындысы Дәрілік түрі 50 мг таблетка Құрамы Бір таблеткада белсенді зат: Зефир дәрілік шөп сығындысы (Мукалтин сығындысы) 50.0 мг, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, шарап қышқылы, повидон (поливинилпирролидон), сусыз коллоидты кремний диоксиді (аэросил), кальций стеараты. Сипаттама Ақ дақтары бар ашық сұрдан қоңыр-сұрға дейінгі таблеткалар, жалпақ цилиндр тәрізді, қиғаш. Фармакотерапиялық топ Суық және жөтел белгілерін жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін дәрілер. Шығару формасы және қаптамасы Полимермен қапталған қағаздан немесе полиэтиленмен қапталған қағаздан жасалған контурлы ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан. Контурлық қаптамалар картон қораптарға салынады. Сақтау мерзімі 2 жыл