Халықаралық патенттелмеген атауы Левоментол ментил изовалератындағы ерітінді Дәрілік түрі тіл астындағы таблеткалар Құрамы 1 таблетка құрамында: белсенді ингредиент: ментил изовалератындағы левоментол ерітіндісі (валидол) 0,06 г; қосымша заттар: декстроза (глюкоза) моногидраты 0,188 г; сахароза (қант) 0,511 г; кальций стеараты 0,008 г; повидон (поливинилпирролидон) 0,007 г; коллоидты кремний диоксиді (аэросил) 0,016 г; картоп крахмалы 0,010 г. Сипаттама Жалпақ цилиндр тәрізді таблеткалар ақ немесе ақ түсті, сұрғылт түсті дақтары бар, тән ментол иісі бар. Фармакотерапиялық топ Рефлекторлық әрекеттің коронарлық кеңейтуші құралы Шығару формасы және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилхлоридті пленкадан және алюминийден басылған лакталған фольгадан жасалған контурлы ұяшықты қаптамаға. Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтары бар 1 контурлы ұяшықты қаптамадан картоннан жасалған бумаға салынады. Сақтау мерзімі 2 жыл