Халықаралық жалпы атауы Жоқ Дәрілік түрі Ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 20 г Құрамы Бір пакетте белсенді заттар: парацетамол 500 мг, хлорфенирамин малеаты 4 мг, фенилэфрин гидрохлориді 10 мг; қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, натрий бензоаты (Е211), лимон хош иісі, тазартылған қант, поливинилпирролидон К 30, темір оксиді сары (Е 172). Сипаттама Лимон иісі бар ақшыл-сары түсті түйіршіктелген борпылдақ ұнтақ. Фармакотерапиялық топ Анальгетиктер-антипиретиктер басқалары. Парацетамол басқа препараттармен бірге (психолептиктерді қоспағанда). Шығару формасы және қаптамасы Ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ. 20 г препарат полиэфирден, алюминий фольгадан және полиэтилен пленкасынан жасалған үш қабатты сығымдалған пакеттерге салынады. 12 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші компанияның голограммасы бар картон қорапқа салынады. Сақтау мерзімі 2 жыл