Халықаралық патенттелмеген атау
Кетопрофен
Дәрілік нысан
Сыртқы қолдануға арналған гель 2,5%, 50 г
Құрамы
100 г гель құрамында
белсенді зат - кетопрофен 2,5 г;
көмекші заттар - карбопол, этанол 96% (этанол), троламин, метил парагидроксибензоат, тазартылған су.
Сипаттама
Мөлдір немесе сәл опалесциялайтын, біртекті, түссіз немесе сарғыш реңкті гель
Фармакотерапиялық топ
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Кетопрофен.
Шығару және орау нысаны
50 г препаратты алюминий тубасына салады.
тубаны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде картоннан жасалған қорапқа салады.
Сақтау мерзімі 2 жыл. ҚР-ЛС-5 № 018868, ҚР-ЛС-5 № 021110