Көп дәнді үлпектер (7 дәнді дақылдар) Құрамы: қарақұмық
үлпектері, бидай үлпектері, сұлы үлпектері, арпа үлпектері,
тары үлпектері. 100 г өнімге тағамдық құндылығы:
ақуыздар 11,8 г; майлар 3,0 г; көмірсулар 66,2 г.
Энергетикалық құндылығы (100 г): 339 ккал / 1419 кДж.
Пісіру уақыты: 5 минут. Жарамдылық мерзімі: 9 ай. Таза
салмағы: 400 г. Таңбалауы: Әрбір қаптама бірлігінде мөр
түріндегі этикетка болуы тиіс. дайындаушының атауы мен
мекенжайы, тауар белгісі, нетто салмағы, құрамы, тағамдық
және энергетикалық құндылығы туралы деректер, өндіру
күні, Сақтау мерзімі мен шарттары көрсетілуі керек.
Сапалық сипаттамалары: Органолептикалық талдаулар
арқылы сыртқы түрі, иісі, дәмі анықталады. Тапсырыс
беруші жеткізілетін тауардың сапасын көзбен шолып
(органолептикалық) бағалауға және бүлінген немесе
техникалық ерекшеліктің сәйкес келмеуі фактісін
белгілеуге, қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер
үшін үлгілердің сынамаларын алуға құқылы. Жеткізілетін
тауардың техникалық ерекшелігінің бүліну немесе
сәйкессіздік фактісі анықталған жағдайда өнім беруші
тиісті сападағы тауарға ауыстыруға міндеттеледі. Тауарды
жеткізу мерзімі мен көлемі күнделікті таңертеңгі 08: 00-ден
15: 00-ге дейін. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша,
келісімшарт жасалған сәттен бастап 2024 жылдың 31
желтоқсанына дейін.
Тауарларды жеткізуге
қойылатын талаптар мен шарттар: сапа сертификаты,
өндірушінің сапа сертификатының міндетті түрде болуы;
жеткізілім көлеміне қатысты фитосанитарлық
қорытындылардың міндетті түрде болуы; ветеринариялық-
санитариялық сараптама зертханасының сараптама актісі;
сапаның қамтамасыз етуілуі. CТ-KZ сертификатының
міндетті түрде болуы тиіс.
Сатып алынатын тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру
шеңберінде отандық тауар өндірушілерден азық-түлік өнімдерінің кемінде 60% (алпыс пайыз)
сатып алады.