Дизельді электрстанциясына арналған дизельді отын (ПКОП) ЛД-0,2-20. ҚР СТ стандарттарына сәйкес келуі керек. Талон арқылы дизельді отын, тауарды жеткізу тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Талондардың номиналы 10, 20 литр, әрбір талонда өнім беруші мөрінің оригиналдық оттискі болуы керек немесе тапсырыс берушіге берілген талондар бойынша барлық операцияларды қадағалау, мониторингілеу бойынша жеке кабинетті пайдалану құқығын беру үшін жеке кабинетке кіруге рұқсат беруге міндетті. Талондар қолдан жасаудан қорғалуы тиіс. Өнім беруші Тапсырыс берушіге тауардың сәйкестігі туралы декларацияны және сапа паспортын беруге міндетті. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде ЖҚС жұмыс істейтін желілерінің болуы міндетті. Өнім беруші Тапсырыс берушінің өкілдеріне бензинді жеткізу бойынша шектеусіз және тәуліктің кез келген уақытында өнім берушінің автожанармай құю станцияларында ұсынуға кепілдік береді. Талондардың әрекет ету мерзімі - 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін (Екі жақты келісіммен ары қарай талондардың мерзімі ұзартылуы мүмкін). Өнім беруші тапсырыс берушіден өтінімді алғаннан бастап үш күнтізбелік күн ішінде талондармен қамтамассыз етеді. Жеткізушінің баға негіздемесінде ұсынылған дизельді отынға баға қайта қаралуы мүмкін емес және шарт бойынша өнім беруші міндеттемелерді толық орындағанға дейін өзгеріссіз қалады.