Орындаушының өнімі Қызылорда облысының Шиелі ауданы (ауданға қарасты әр елді мекеннің) аумағында таратылуы және мерзімді баспаға жазылған абонементтер саны кемінде 4500 болуы шарт. Мерзімді басылым СТ РК 3158-2018 немесе 9254-77ГОСТ-қа сәйкес болуы қажет. Негізгі мәтін 5-тен 10-ға дейінгі кегльден, терілім тығыздығы 1 шаршы см-не 15-25 белгіге сай болуы тиіс. Басылым тәсілі: офсеттік. Басылымның шығу жиілігі: аптасына 2 реттен кем емес Басылымның бір реттік таралымы 4500 данадан кем емес. Таратылатын аймағы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Басылым тілі: қазақ тілінде.