Сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру, өнер туындыларын көпшілік алдында орындау мен көрсету үшін жыршы Еміл Елдостың шығармашылық кешіне орай, 70 сикундтан 13 минутқа дейінгі хронометражды әр түрлі видеоконтенттер және графикалық видеоконтенттер, заставкалар дайындау (4 монологты контент және заставкалар, видеосьемка ұлттық музейде, жағажайда, қамыс арасында) қызметі: тәртібі, минуты, атауы, тақырыбы, монтаждауы Тапсырыс берушімен келісіледі. Жобаның режиссерлық-қойылымдық топтың шығармашылық тапсырмасына сәйкес, әр дайындық сайын сахнадағы лездік ауысуларда кез келген қиындықтағы жедел шешімді талап ететін өзгерістер енуі мүмкін (шығармашылық ерекшеліктерін ескеру және олардың тығыс/жедел дайындалуын қамтамасыз ету).