МЕМСТ 305-82 " дизель отыны. Техникалық шарттар" қыстық дизельдік отыны қағаздық талон арқылы. Талондардың әрекет ету мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Талондар жалған жасалудан қорғалған болуы керек, талондарда өнім беруші мөрінің оригиналдық оттискі болуы тиіс. Тапсырыс беруші өнім беруші өкілінің қатысуымен, тапсырыс берушінің тарапынан қандай да бір қосымша ақысыз, шарт бойынша мiндеттемелердi орындау уақытының кез келген сатысында, жеткізілетін ЖҚБ-нен дизельдік отынның, қолданыстағы ережелерге сай сәйкестігін анықтау мақсатында сараптама жүргізу үшін дизельдік отын пробасын алуға құқылы. Егер шарт міндеттемелерін орындау кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіні талап етілетін сападағы отынмен қамтамасыз ете алмаса немесе сапасы төмен отын жеткізсе, Тапсырыс беруші сапасыз отынды пайдалануға байланысты Тапсырыс беруші шеккен барлық тікелей шығындарды, сондай-ақ отынның жоқтығынан туындаған барлық шығыстарды өтеуді Өнім берушіден талап ету құқығын өзіне қалдырады. Жанар жағар май номиналы 50, 40, 30, 20 литр талондарда жеткізіледі. Талондар Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы аумағында орналасқан автокөліктерге жанар-жағар май құю станцияларын қоса алғанда жарамды болуы тиіс.Талондар мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін.