АИ-95 маркалы номиналы 10 литр және 20 литр талонына арналған ұшқынды тұтатқышты қозғалтқыштарға арналған АИ-95 маркалы бензин. Әлеуетті өнім беруші бензинді толық көлемде үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етіп, сонымен қатар автожанармай құю станциясында бензинді талондар бойынша босатуды қамтамасыз ету қажет. Жанар-жағармай құю станциялары тауарды жеткізудің белгіленген мекен жайынан 15 шақырымнан аспауы керек. АИ-95 жанар майдың сапасы, октан саны және басқа да параметрлері Қазақстан Республикасында әрекет ететін барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Талондарды жеткізу мерзімі: шарттық қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде. Өнім беруші Тапсырыс берушінің өкілдеріне бензинді өнім берушінің жанармай құю станцияларында шектеусіз және тәуліктің кез келген уақытында ұсынуға кепілдік береді. Талонның мерзімдері толық пайдаланылғанға дейін жарамды болуы тиіс. Тауарды жеткізу орны – Тараз қ., Төле би даңғылы, 35, 7 қабат.