Бидай ұны ж/с Ақ бидай ұнынан жасалған жоғары сұрыпты нан, әр дананың (бөлкенің) салмағы 0,500 гр. Отандық өнім болуы тиіс. Пішіні дұрыс, пішіннің шеттері жоғары көтерілген болы тиіс. Жанжағы бұзылған, мыжылған немесе біркелкі емес, қыртысы жарықшақтармен және жыртылған бөлкелер қабылданбайды. Нанның беті тегіс, ойыс, мыжылған болмауы керек. Нан қыртысының түсі алтын-қоңыр, беті қандай да бір күйік, дақ, ісінулер мен жарықтарсыз болуы қажет. Нанның ішкі жақсы пісірілген, серпімді, ұстағанда жабысқақ және ылғал емес, кесек түйіндерсіз дұрыс басылған болуы тиіс. Бөлкелер арнайы ыдыстармен немесе ағаш контейнермен жеткізілуі тиіс. Өнімді өткізу мерзімі: пісірілген уақыттан бастап 3 сағат. Тауар ГОСТқа сәйкес сертификатталуы және ҚР «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы», ережелерінің талаптарына сәйкес келуі керек. CTKZ формасындағы тауардың шығу тегі туралы қосымша парағын, сәйкестік Декларациясын, пісірілген мерзімі мен уақыты көрсетілген тауар құжаттамасын ұсыну міндетті. Сақтау, тасымалдау кезінде тамақ өнімдерінің органолептикалық қасиеттері өзгермеуі керек.