10 штук Марапаттау статуэткасы мектеп оқушыларын салтанатты түрде марапаттауға арналған.Материалы – мөлдір оргстекло (акрил), жоғары сапалы, берік, жарық өткізгіштігі жоғары.
Статуэтканың бетінде келесі жазу болуы тиіс:«Жұлдызды түлек – 2026».Сонымен қатар статуэткада мектептің ресми логотипі орналастырылуы тиіс. Мектеп логотипі тапсырыс беруші тарапынан қосымша ұсынылады. Жазу мен логотип лазерлік гравировка немесе ультракүлгін (UV) баспа арқылы орындалады.
Негізгі талаптары:
Материалы: мөлдір оргстекло (акрил);
Қалыңдығы: кемінде 6–8 мм;
Биіктігі: шамамен 18–22 см;Тұғыры: берік, статуэтканы тік ұстап тұратын негіз;Жазу: «Жұлдызды түлек – 2026»;Мектеп логотипі: тапсырыс беруші ұсынған файл бойынша дайындалады;
Жазу мен логотип сапалы, өшпейтін тәсілмен орындалуы тиіс;Шеттері тегістелген, қауіпсіз, жарықсыз және сызатсыз болуы қажет;Дизайны салтанатты, эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс.Жеткізу шарты: дайын күйінде, зақымдалмайтындай қорғаныш қаптамада жеткізілуі тиіс.