Балғын пряндік, дөңгелек немесе сопақша пішінді, жұмсақ, ескірмеген, бөгде дәм мен иіссіз. Өнім тапсырыс берушінің мекен-жайына жарамдылық мерзімі мен өндіріс белгілері бар зауыттық ыдыстарда жеткізілуі керек. Өнімді жеткізу санитарлық паспорты бар жабдықталған арнайы автокөлікте жүзеге асырылады. Өнім берушінің тауарын Тапсырыс беруші тауарды жеткізетін қызметкерде медициналық кітапшасы, арнайы киімі және өнімге арналған құжаттары болған кезде қабылдайды. Тапсырыс апта сайын сағат 15.00 ден кейін электрондық почтаға жіберілу арқылы немесе ұялы телефон арқылы беріледі. Тапсырыс тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша келесі күні сағ 10:00ге дейін жеткізіледі. Талапқа сай келмейтін тамақ өнімі 2 сағат ішінде ауыстырылуы тиіс.