Қаймақ. ҚР СТ 2799-2015. Сүт қышқылды стрептококктардың таза дақылдарын қолдана отырып, қалыпқа келтірілген пастеризацияланған кілегейден өндірілетін және тікелей тағамға қолдануға арналған сүт қышқылды өнім. Қаймақ нормативтік құжаттама бойынша сүт өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған санитарлық нормалар мен қағидаларды, белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық нұсқаулықтарды сақтай отырып өндіріледі. Майлылығы 15%, 400 гр, п/стақан. Сыртқы түрі мен консистенциясы: біртекті, беті жылтыр орташа қою масса, жекелеген ауа көпіршіктері бар, шамалы түйіршікті, сәл тұтқыр болуына жол беріледі. Дәмі мен иісі: таза, сүт қышқылды, пастеризацияланған өнімге тән айқын дәм мен хош иісі бар. Түсі: крем түстес реңкі бар ақ, бүкіл масса бойынша біркелкі. Қышқылдығы, ºТ: 60-90. Сүт өнімдерін жеткізу мәзір-талапқа сәйкес аптасына 5 рет, таңертең, өтінім бойынша жүзеге асырылады. Тауарды жеткізуді және түсіруді өнім беруші сақтау орнына (қойма, көкөніс қоймасы) жүзеге асырады