Сүт. ҚР СТ 1733-2015; МЕМСТ 31450-2013. Құрамы: тұтас сүт, майсыздандырылған сүт. ГМО-сыз, пастерленген, майлылығы 2,5%. Ыдыс: жұмсақ полиэтиленді асептикалық қаптама. Салмақтау: 1 литр. Өткізу мерзімі 7 тәулік. Дәмі мен иісі – сүтке тән, бөгде дәмсіз және иіссіз. Ақуыз қабыршақтары мен майдың түйіршіктері жоқ. Консистенциясы – сұйық, біртекті, созылмайтын, сәл тұтқыр. Тапсырыс берушіге жеткізілген кезде дайындалған күні 24 сағаттан аспауы тиіс. Әрбір қаптамада дайындаушы зауыт өндірушіні, МЕМСТ-ты, құрамын, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын көрсеткен. Жеткізу тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған, тасымалданатын тамақ өнімдерін өндіруші көрсеткен температуралық режимді сақтау үшін жабдықталған көлікте жүзеге асырылады. Тауарды Тапсырыс берушінің қоймасына жеткізу және түсіру Жеткізушінің есебінен және күшімен Тапсырыс берушінің жұмыс уақытында жүргізіледі