Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша:
1. Жол жиегіндегі шөпті шабу
Өту саны 4-тен 6,5-ке дейін арттырылуына байланысты, сома 1 864 030,40 теңгеден 3 029 049,40 теңгеге дейін ұлғайды, яғни 1 165 019,00 теңгеге артты.
Жеткізушінің 39,85% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 700 758,93 теңгені құрайды.
2. Резервтерді санитарлық тазалау
(Жол жиегі мен еңіс бөлігіндегі бұталар мен өскіндерді қолмен шабу, қажет болған жағдайда өздігінен өскен ағаштарды түбірімен жою және бұтақтарды жинау).
Ауданы 6000 м²-ден 10000 м²-ге дейін ұлғайды.
Сома 3 750 000,00 теңгеден 6 250 000,00 теңгеге дейін өсті, яғни 2 500 000,00 теңгеге артты.
Жеткізушінің 39,85% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 1 503 375,00 теңгені құрайды.
3. Жол жүру бөлігін қардан тазарту
Ұзындығы 51,3 км-ден 83,3 км-ге дейін артты.
Сома 10 219 950,09 теңгеден 16 594 967,69 теңгеге дейін өсті, яғни 6 375 017,60 теңгеге артты.
Жеткізушінің 39,85% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 3 834 573,09 теңгені құрайды.
4. Қиыршықтас жамылғыларын жөндеу-профилирлеу
Ұзындығы 18 км-ден 30 км-ге дейін ұлғайды.
Сома 1 269 000,00 теңгеден 2 115 000,00 теңгеге дейін өсті, яғни 846 000,00 теңгеге артты.
Жеткізушінің 39,85% шартты жеңілдігін ескере отырып, соманың ұлғаюы 508 869,00 теңгені құрайды.