Автомобиль жолдарын ұстау жұмыстары бойынша:
Жол жиегіндегі шөпті шабу – 4 рет шауып өтуді 4,72 ретке дейін көбейту, сома 1 218 615,0 теңгеден 1 437 966,0 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Қорларды санитарлық тазалау: жол жиегі мен еңіс бөліктерінде бұта мен ағаштарды қолмен кесу, қажет болған жағдайда жабайы өскен ағаштарды тамырымен қопарып, бұтақтарды бір жерге жинау жұмыстары – көлемі 2000 м²-ден 2285,19 м²-ге дейін, сома 2 188 644,00 теңгеден 2 500 000,0 теңгеге дейін көбейтіледі.
Жол жамылғысын қардан тазарту – ұзындығы 34,5 км-ден 40,71 км-ге дейін арттырылады, сома 5 612 311,60 теңгеден 6 622 527,60 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Топырақ/қиыршық тасты жол жамылғысын жөндеу және профилирлеу – ұзындығы 8,5 км-ден 10,03 км-ге дейін, сома 1 613 136,0 теңгеден 1 903 500,0 теңгеге дейін көбейтіледі.