1. Телекоммуникациялардың бірыңғай желісіне шығатын жерасты сымды желілері бойынша ___1___ телефон нөмірлерін ұсыну. 2. Шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), авариялық (104) қызметтермен және құтқару қызметімен (112) тегін қосылуларды ұсыну. 3. Телефон желісінің ақылы анықтамалық қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету. 4. ІАҚ қызметтерін қосу мүмкіндігі (Нөмірді автоматты түрде анықтау, қайта бағыттау, қалааралық байланысты ажырату және т.б.). 5. Қалааралық телефон байланысы және ұялы операторлардың абоненттеріне қол жеткізу қызметтерін ұсыну. 6. Қызмет көрсетуші дайындық және монтаждау жұмыстарының барлық көлемін өз бетінше жүргізуі керек. 7. Жүйенің конфигурациясындағы барлық өзгерістер, сондай-ақ көрсетілетін қосымша қызметтердің модификациясы (қызметті ауыстыру және /немесе қосу, қызмет көрсетудің қосымша түрлері және т.б.) Тапсырыс берушінің жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі, бұл ретте мұндай қосымша қызметтердің құнын қызмет көрсетуші оның тарифтерінде бекітуге тиіс. Шарт жасалғанға дейін жеңімпаз жергілікті, қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге арналған мемлекеттік лицензиялардың көшірмелерін ұсынуы тиіс.