Халықаралық патенттелмеген атауы
кофеин
Дәрілік түрі, дозасы
тері астына енгізуге арналған ерітінді 200 мг/мл
дәрілік препарат
бір ампулада (1 мл)
белсенді зат - натрий кофеин-бензоаты - 200 мг
көмекші заттар: 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі,
инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық
Шығару нысаны және орау
Шыныдан жасалған ампулаға 1 мл.
Әрбір ампулаға өздігінен желімделетін затбелгі жапсырылады немесе мәтін тез бекітілетін бояумен терең басу әдісімен ампулаға жағылады.
10 ампуланы пышақпен немесе ампуланы ашуға арналған скарификатормен бірге гофрирлеуге арналған қағаздан жасалған гофрленген жапсырмасы бар хром-эрзац, макулатуралық немесе полиграфиялық картоннан жасалған қорапқа салады.
Қорапты офсеттік қағаздан немесе көп бояулы баспаға арналған қағаздан жасалған этикетка-бандерольмен желімдейді.
10 ампула пышақпен немесе ампулаларды ашуға арналған скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қазақ және орыс тілдерінде хром-эрзац картонынан немесе целлюлоза картонынан ампулаларды бекітуге арналған картон жапсырмасы бар картоннан жасалған қорапқа салынады. Сынық сақинасы бар немесе кесілген және сынық нүктесі бар ампулаларды пайдаланған жағдайда, ампулаларды ашу үшін пышақты немесе скарификаторды салу көзделмейді.