Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Бұлшық етке енгізуге арналған ерітінді, 1 мл
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл ерітінді
белсенді заттар: толперизон гидрохлориді 100 мг лидокаин гидрохлориді 2,5 мг
қосалқы заттар: метилпарагидроксибензоат, диэтиленгликоль моноэтилэфир, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ерекше иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл жасыл түсті ерітінді.
Шығару нысаны және орау
Препараттың 1 мл-нан ақ түсті сыныққа арналған нүктесі бар қоңыр түсті шыны ампулаға.
5 ампуладан пластикалық контурлы ұяшықты қаптамаға салады.
1 контурлы ұяшықты қаптама бойынша қазақ және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.