Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацетилсалицил қышқылы
Дәрілік түрі
500 мг таблетка
Құрамы
Бір таблеткада мыналар бар:
белсенді зат - ацетилсалицил қышқылы 500 мг,
қосалқы заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы, тағамдық лимон қышқылы, сусыз кремний диоксиді.
Шығару нысаны және орау
Поливинилхлоридті пленкадан немесе алюминий фольгадан жасалған контурлы ұяшықты орамаға 10 таблеткадан.
2-ден контурлы ұяшықты орамдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде картоннан жасалған қорапқа орналастырады.
10 таблеткадан контурлы ұяшықсыз орамаға қағаз және картон негізде аралас материалдан салынады.
Контурлы ұяшықсыз қаптамалар (қорапқа салынбаған) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде топтық қаптамаға салынады.