Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоропирамин
Дәрілік түрі, дозасы
Инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/мл
Фармакотерапиялық топ
Тыныс алу жүйесі. Жүйелік қолданылатын антигистаминдік препараттар. Алмастырылған этилендиаминдер. Хлоропирамин
Дәрілік препараттың құрамы
Бір ампулада
белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді, 20 мг
қосалқы зат:
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сипаты нашар мөлдір түссіз су ерітіндісі.
Шығару нысаны және орау
Ақ түсті сынық нүктесі бар түссіз бейтарап шыны ампуласына 1 мл. Ампуланың ұшына жуылмайтын бояумен қою қызыл түсті код сақина жағылады.
Әрбір ампулаға өзі жабысатын қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті пленкадан және ПЭТФ/ПЭ пленкадан жасалған контурлы ұяшықты қаптамаға орналастырады.
1 контурлы ұяшықты қаптама бойынша қазақ және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.
ATX коды R06AC03