Ацетилсалицил қышқылы
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықшамен қапталған 100 мг және 300 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблеткада
белсенді зат: ацетилсалицил қышқылы 100 мг немесе 300 мг,
қосымша заттар: целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, эудрагит L30D, полисорбат 80, натрий лаурилсульфаты, тальк, триэтилцитрат.
Сипаттамасы
Дөңгелек, қос дөңес, сәл кедір-бұдырлы, шетіне қарай шабылған ақ түсті таблеткалар, сынығы - ақ түсті біркелкі, сол түсті қабықшамен қоршалған
Фармакотерапиялық топ
Қан және қан жасау органдары. Антитромботикалық препараттар. Гепаринді қоспағанда, тромбоциттерді агрегациялау ингибиторлары. Ацетилсалицил қышқылы АТХ коды B01AC06