Тауық филесі (терісіз төс филесі), тоңазытылған/мұздатылған. ГОСТ 31962-2013 немесе СТ РК ГОСТ Р 52703-2009 стандарттарына сәйкестігі. Сүйексіз, терісіз (қажет болса), бөгде иістерсіз және қосындыларсыз. Түсі біртегіс, еріткен кездегі ылғалдылығы 4%-дан аспауы керек. Герметикалық, таңбаланған, рұқсат етілген материалдардан жасалған қаптама. Өнімнің жарамдылық мерзімінің 50 пайыздық қоры болуы тиіс. Өлшем бірлігі – кг. Тауардың шығу тегі туралы СТ-KZ нысанындағы сертификаттың қосымша парағы. Тағам өнімдерін тасымалдау санитарлық паспорты бар, арнайы жабдықталған автокөлікте жүргізілуі қажет. Экспедитордың арнайы киімі және жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс. Тауарды жеткізу тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес, аптасына 2 рет сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.