Кеш пісетін сұрыптағы жаңа піскен алма, ең жоғары сынып, зақымдалмаған және шіріксіз, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі кемінде 65 мм дөңгелек, сопақша кем дегенде 60 мм. Өнім "Кеш пісетін сұрыптағы жаңа піскен алма. Техникалық шарттар» МемСТ 21122-75 сәйкес келуі тиіс. Тауарды жеткізу тапсырыс берушінің алдын ала өтінімі бойынша жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін талап етілетін мөлшерде жүргізілуі тиіс. Ілеспе құжаттар: жүкқұжат, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі сертификаты, жүргізуші мен экспедитордың медициналық кітапшасы, көліктің санитарлық паспорты (санитариялық-эпидемиологиялық тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөлікке қорытынды). Жоғарыда аталған барлық құжаттар тауарлардың келіп түскен күніне өзекті, уақтылы құжаттың мерзімі аяқталған кезде ауыстырылуы тиіс.