Жоғары сұрыпты бидай ұны, бидайдыңжұмсақ сорттарынан, ,ұнтақталған, құрғақ болуы керек. ГОСТ Р 52189-2003 «Бидай ұны. Жалпы техникалық шарттар» бойынша. Тауарды жеткізу тапсырыс берушінің алдын-ала сұранысы бойынша қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы керек. Ілеспе құжаттар: жүкқұжат, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы куәлік, шығу тегі туралы сертификат, жүргізуші мен экспедитордың медициналық кітабы, тасымалдауға арналған санитарлық паспорт (тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық анықтама). Жоғарыда аталған құжаттардың барлығы тауарларды қабылдау күніне сәйкес болуы керек, құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде ауыстыру қажет.