Алма жоғары сортты, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі 65 мм дөңгелек, сопақша кемінде 60 мм, зақымдалмаған, шірімеген, қабығы таза болуы керек. ГОСТ 34314-2017 сәйкес бөлшек саудада сатылатын жаңа, жергілікті алма болуы тиіс.Тауарларды жеткізу тапсырыс берушінің алдын-ала сұрауы бойынша қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы керек. Ілеспе құжаттар: жүкқұжат, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы куәлік, шығу тегі туралы сертификат, жүргізуші мен экспедитордың медициналық кітабы, тасымалдауға арналған санитарлық паспорт (тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық анықтама). Жоғарыда аталған құжаттардың барлығы тауарларды қабылдау күніне сәйкес болуы керек, құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде уақытында ауыстырылуы керек