Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, диаметрі 255 мм. Материалы – пластик. Түсі – алтын.
Маркировкалық жапсырмада бұйымның шығарылған күні көрсетіліп, реттік нөмірі бар қорғаныш голограммасы бекітілуі тиіс. Мемлекеттік Елтаңба қолданыстағы ұлттық стандарттарға, атап айтқанда СТ РК 989-2014 талаптарына толық сәйкес келуі қажет. «Қазақстан» сөзі латын әліпбиімен жазылуы тиіс.
Бұйымның үлгісі міндетті түрде Заказчикке келісу үшін ұсынылады.
Тауардың құнына тауарды жеткізуге байланысты барлық шығындар кіреді, оның ішінде: салықтар, баждар, алымдар, көлік және іссапар шығындары, жеткізу, түсіру, сондай-ақ Жеткізушінің шарттық міндеттемелерін толық орындауы үшін қажетті өзге де шығындар.
Жеткізуге және техникалық сипаттамаға қатысты барлық мәселелер міндетті түрде алдын ала Заказчикпен келісіледі.