ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Тауардың атауы: 0,9% натрий хлориді ерітіндісі
Шығару түрі: Инфузияға арналған ерітінді
Концентрациясы: 0,9%
Көлемі: 200 мл
Құрамы:
• Натрий хлориді — 0,9 г / 100 мл
• Инъекцияға арналған су — 100 мл-ге дейін
Сипаттамасы: Көрінетін бөгде қосындылары жоқ, мөлдір, түссіз ерітінді.
Фармакологиялық тобы: Регидратация және дезинтоксикацияға арналған .
Мақсаты: Организмдегі сұйықтық пен электролит теңгерімін қалпына келтіру, сусыздану, интоксикация, гипонатриемия кезінде, сондай-ақ парентералды енгізуге арналған дәрілік заттарды сұйылту үшін қолданылады.
Қолдану тәсілі: Көктамыр ішіне, тамшылатып енгізіледі.
Қаптамасы: 200 мл стерильді құты (флакон).
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.
Жабдықтаушыларға қойылатын талаптар:
1. Фармацевтикалық өнімнің сәйкестік сертификатын беру.
2.Жеткізуге тек өндіруші белгіленген бастапқы мерзімнің 80–90%-дан кем емес жарамдылық мерзімі бар өнімдер қабылданады. Мерзімі өтіп кеткен өнімдер қабылданбайды.
3. Келісілген фармацевтикалық өнімді тапсырыс берушіге Ә. Марденов көшесі, 7 мекенжайына жеткізу.(тауарды жеткізу мәселесі бойынша келісу үшін 87474953862 нөміріне хабарласу.)