1. Сатып алынатын қызметтің атауы
Мүгедектігі бар азаматтар үшін ғимараттарды бейімдеу мақсатында ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттама әзірлеу және дефектілік акт жасау келесі нысандар үшін:
1. Екібастұз қ., Марденов бульвары, 7
2. Екібастұз қ., Королёв көшесі, 82/2
3. ДСК, Шідерті кенті, Богенбай Батыр көшесі, 2
2. Негіздеме және нормативтік талаптар
Қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілуі тиіс, соның ішінде:
-«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;
-қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ, ҚР ЕЖ);
санитарлық нормалар мен ережелер;
-ғимараттарды мүгедектігі бар азаматтарға бейімдеуге арналған -нормативтік талаптар;
-құрылыс саласындағы баға белгілеу бойынша ҚР қолданыстағы сметалық-нормативтік базасы.
3. Сатып алудың мақсаты
Ғимараттарды ағымдағы жөндеуге арналған нақты сметалық құнын айқындау, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға бейімдеу үшін қажетті жөндеу жұмыстарын анықтау және құрылымдық дефектілерді тіркеу.
4. Қызметтердің көлемі мен мазмұны
Әлеуетті өнім беруші:
4.1. Нысандарға барып, тексеру жүргізуге;
4.2. Әрбір нысан бойынша желдету және ғимарат жүйелерінің ағымдағы жөндеуіне дефектілік акт жасауға (анықталған ақауларды, конструкциялар тозуын, қажетті жұмыстар көлемін және оларды жою бойынша ұсыныстарды көрсете отырып);
4.3. Бастапқы деректер мен бар жобалық құжаттаманы (болған жағдайда) зерделеуге;
4.4. Мүгедектігі бар азаматтарға бейімдеу талаптарын ескере отырып, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлемін айқындауға;
4.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы сметалық-нормативтік базасына сәйкес сметалық құжаттама әзірлеуге міндетті.
Сметалық құжаттаманың құрамына мыналар кіруі тиіс:
-дефектілік акт (әр нысан бойынша);
-жұмыстар көлемінің ведомосы;
-жергілікті сметалар;
-объектілік сметалар (қажет болған жағдайда);
-жиынтық сметалық есеп (қажет болған жағдайда);
-түсіндірме жазба;
-жабдықтар мен материалдардың құнын есептеу.