Сатып алынатын қызметтің атауы
Келесі нысандар бойынша спорт залдарының желдету жүйесін орнату (жаңғырту/күрделі/ағымдағы жөндеу) бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу:
1. Екібастұз қ., Марденов бульвары, 7
2. Екібастұз қ., Королёв көшесі, 82/2
3. ДСК, Шідерті кенті, Богенбай Батыр көшесі, 2
4. ДСК, Солнечный кенті, Абай көшесі, 1
2. Негіздеме және нормативтік талаптар
Қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілуі тиіс, соның ішінде:
-«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;
-қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ, ҚР ЕЖ);
-санитариялық нормалар мен ережелер;
-спорт залдарының желдетілуі мен микроклиматтың нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету талаптары;
-құрылыс саласындағы баға белгілеу бойынша ҚР қолданыстағы сметалық-нормативтік базасы.
3. Сатып алудың мақсаты
Спорт залдарының желдету жүйелерін жаңғырту және/немесе ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын кейіннен жүзеге асыру үшін жұмыстардың нақты сметалық құнын айқындау.
4. Қызметтердің көлемі мен мазмұны
Әлеуетті өнім беруші:
4.1. Нысандарға барып, тексеру жүргізуге;
4.2. Әрбір нысан бойынша желдету жүйесінің ағымдағы жөндеуіне дефектілік акт жасауға (анықталған ақауларды, жабдықтың тозу дәрежесін, қажетті жұмыстар көлемін және ақауларды жою бойынша ұсыныстарды көрсете отырып);
4.3. Бастапқы деректер мен бар жобалық құжаттаманы (болған жағдайда) зерделеуге;
4.4. Желдету жүйесін жаңғырту және/немесе ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлемін айқындауға;
4.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы сметалық-нормативтік базасына сәйкес сметалық құжаттаманы әзірлеуге міндетті.
Сметалық құжаттаманың құрамына мыналар кіруі тиіс:
-дефектілік акт (әр нысан бойынша);
-жұмыстар көлемінің ведомосы;
-жергілікті сметалар;
-объектілік сметалар (қажет болған жағдайда);
-жиынтық сметалық есеп (қажет болған жағдайда);
-түсіндірме жазба;
жабдықтар мен материалдардың құнын есептеу.