Қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Әдістемесінің талаптарыны сақталуы қажет. Сонымен бірге келесі қызмет түрлерін жасау қажет: - кәсіпорынның қатты тұрмыстық қалдықтарды кѳму кетірген шығындарына талдау жасау; - қолданыстағы негізделген шығындарды ескере отырып қатты тұрмыстық қалдықтарды кѳму тарифті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарын сақтауға кеткен шығындарды есептеуді жүргізу; Әлеуетті жеткізуші штатында: - «экология» мамандығы бойынша жоғары білімі бар және Қазақстан Республикасының аймақтарында/елді мекендерінде коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму тарифтері бойынша жобаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, кем дегенде 1 қызметкер; - «экономика» мамандығы бойынша жоғары білімі бар және Қазақстан Республикасының аймақтарында/елді мекендерінде коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму тарифтері бойынша жобаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, кем дегенде 1 қызметкер; Сатып алынатын қызметтердің осы техникалық сипаттамасының барлық талаптарын сақтау қажет. Қызмет көрсету барысында техника қауіпсіздігін сақтау. Жұмыс жасау мерзімі: 2026 жылдың ақпан айының 28-не дейін. Қызмет көрсету орны: Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы Тасқала ауылы