Дизельдік отын жеткізілуі және құюымен бірге (Әкімшілік ғимаратты жылыту үшін, тапсырыс берушінің өтіміне сәйкес, талон немесе карточкалы жүйе бойынша), қату температурасы -15°С- тан жоғары емес, тығыздығы 15°С-та 863 кг/м3 артық емес, маусымаралық, ГОСТ 305-82. Дизельдік отынды тағайындалған пунктiне дейiн тасымалдауды Өнiм берушi жүзеге асырады және төлейдi, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады. Өнiм берушiнің қарамағында мұнай өнімдерін сақтау объектісі: Түркістан облысы Кентау қаласында (мұнай сақтау базасы, авто жанар-май құю станциясы) жанғыш сұйықтықтарды қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату мүмкіндігі болуы тиіс.