Дизель отынын сатып алу. Қағаз талон жүйесі. Отын тек қағаз талондар арқылы беріледі. Қағаз талондар 10 литрлік және 20 литрлік көлемде қолжетімді, пайдаланылмаған жағдайда талондардың жарамдылық мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Жанармай құю станциясы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы шегінде орналасуы керек. Әлеуетті жеткізуші Тапсырыс берушінің барлық көліктерін дизель отынымен үздіксіз, тәулік бойы жанармай құюды қамтамасыз етуі тиіс. Талондар Тапсырыс берушінің өтініші бойынша жыл бойы сатып алынады.