Объектілерде тіркелген дабыл сигнализациясы батырмасын мына мекенжайлар бойынша орнату: - №1 корпус, Бұқар-Жырау даңғ., 9; - №2 корпус, Костенко к-сі, 11; - №2 корпус, Костенко к-сі, 11 (жатақхана); - №3 корпус, Бұқар-Жырау даңғ., 11а; - №4 корпус, Волгодонская к-сі, 45; - жатақхана, Мұқанов к-сі 21/2. Техникалық сипаттамалары: Дабыл сигнализациясы жиынтығы үстел астындағы стационарлық батырманы қамтуы керек. Сондай-ақ, электр қуаты болмаған кезде 10 сағатқа дейін резервтік қуат болуы керек. Қызмет құнына ай сайынғы негізде ағымдағы техникалық қызмет көрсеткені және мониторинг жүргізгені үшін абоненттік төлем, сондай-ақ жүйені монтаждау, жеткізу, іске қосу-баптау жұмыстары кіреді: - Батырманың іске қосылғаны туралы персоналды хабардар етуге арналған электр және желілік хабарлағыш; - Күзет пультіне есеп беру үшін тек қорғалған радиоарналық жүйені пайдалану; - Сигнализация жұмысындағы ақауларды жою өтінім келіп түскен сәттен бастап үш сағат ішінде тәулік бойғы режимде жүргізілуі тиіс; - Тапсырыс берушінің күзетілетін объектілерінен түскен дабыл сигналдары туралы автоматты SMS немесе Push хабарламасының болуы.