1. Жалпы талаптар:
Өнім ГОСТ 24901-2014 («Печенье. Жалпы техникалық талаптар») стандартына сәйкес болуы тиіс.
Табиғи өнім, бөгде қоспаларсыз, зеңсіз және механикалық зақымданусыз.
Ылғалдылығы – 10%-дан аспауы тиіс.
Сыртқы түрі:
Дұрыс пішінді, жарықтарсыз, біркелкі пісірілген.
Беті тегіс немесе сәл бұдырлы, біркелкі алтын қоңыр түсті.
Дәмі мен иісі – сұлы печеньесіне тән, бөгде дәмдер мен иістерсіз.
Құрамы: сұлы ұны, бидай ұны, қант, өсімдік майы, жұмыртқа, разрыхлитель, тұз.
Сапа санаты – жоғары сорт.
2. Қаптама және таңбалау:
Фасовка: 100 г, 200 г, 500 г, 1 кг немесе 5–10 кг қаптар.
Қаптама: герметикалық полиэтилен пакеттері, картон қораптар немесе көпқабатты қағаз қаптар.
Таңбалау мәліметтері:
Өнімнің атауы.
Құрамы.
Өндірілген күні және жарамдылық мерзімі.
Шығарылған елі.
Сақтау шарттары.
Таза салмағы.
Партия нөмірі.
3. Жеткізу шарттары:
Жеткізу келісімшартқа сәйкес партиялармен жүзеге асырылады.
Сақтау мерзімі: кемінде 6 ай, температурасы +5°C-тан +25°C-қа дейін, ауаның ылғалдылығы 75%-дан аспауы тиіс.
Жөнелтілгеннен кейін 5 күннен кешіктірмей жеткізілуі қажет.
Жеткізуші келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Сәйкестік сертификаты.