Пероральді қолдануға арналған суспензия, орамасы кемінде 2,4 %, 100 мл.
Құрамы:
100 мл суспензия құрамында:
Белсенді зат: парацетамол – 2,4 г;
Қосымша заттар: сорбитол, дистилденген глицерин, карбомер, метилпарабен, пропилпарабен, лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий сахаринаты, тағамдық хош иістендіргіш, «қышқыл қызыл 2С» бояғышы, тазартылған су.
Препараттың құрамында спирт жоқ.
Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген барлық нормалар мен талаптарға сәйкес болуы тиіс.