Ішке емес, көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, орамасы кемінде 30 мг/мл.
Дәрілік препараттың құрамы:
1 мл ерітінді құрамында:
Белсенді зат: преднизолон натрий фосфаты, преднизолон фосфатына эквивалентті – 30 мг;
Қосымша заттар: динатрий эдетаты, сусыз динатрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, пропиленгликоль, ортофосфор қышқылы, инъекцияға арналған су. Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген барлық нормалар мен талаптарға сәйкес болуы тиіс.